Таулы Қарабақ: Әлиев, Пашинян және Путин бірлескен шешім қабылдады

11 Қаңтар 2021, 22:39
1421
Бөлісу:
Таулы Қарабақ: Әлиев, Пашинян және Путин бірлескен шешім қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Президенті, Армения Премьері және Әзербайжан Президенті Таулы Қарабақтағы инфрақұрылымды дамыту жөнінде келісімге қол қойды.

ТАСС агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Мәскеуде РФ Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-Министрі Никола Пашинян мен Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев келіссөз жүргізді. Үш тараптың кездесуі төрт сағатқа жалғасты. 

Владимир Путин кездесу басталмас бұрын көпшілік алдында сөз сөйледі. Ресей басшысы екі елмен көршілік қарым-қатынасты жақсы бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар Әзербайжан мен Армения тарапының Ресейдің Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату жөніндегі «делдалдық» бастамасына қолдау көрсеткеніне ризашылығын білдірді. 

Бұдан бөлек Владимир Путин өткен жылдың қарашасында жасалған келісім ретімен жүзеге асырылып жатқанын айтты. Ол осы әрекеттің Тауыл Қарабақтағы шиеленісті Армения мен Әзербайжан халқының мүддесіне сай, әділ реттеуге ұзақмерзімді әрі толыққанды негіз қалайтынын мәлімдеді.


Өзгелердің жаңалығы