Тәуелсіздіктің 35 жылдығы: Елордада мерекелік безендіру шамдары жағылды

Мереке қарсаңында елордадағы бірқатар ғимарат пен LED-экрандарда мемлекеттік мерекеге арналған бейнелер көрсетіле бастады.

 Астана қаласының әкімдігі 9 Қараша 2026, 22:24
9 Қараша 2026, 22:24
207
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық басталды. Мереке қарсаңында елордадағы бірқатар ғимарат пен LED-экрандарда мемлекеттік мерекеге арналған бейнелер көрсетіле бастады.

Атап айтқанда, мерекелік безендірулер 3D LED-экрандарда, алып шолу дөңгелегінде, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында және қаланың өзге де нысандарында көрініс тапты.

Айта кетейік, Қазақстан Тәуелсіздік күнін 16 желтоқсанда атап өтеді. Биыл еліміздің егемендік алғанына 35 жыл толады.

Наверх