Тәуелсіздік-30. Швейцарияда көрме өтті

24 Тамыз 2021, 22:07
9769
Бөлісу:
Тәуелсіздік-30. Швейцарияда көрме өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцария астанасының орталығында Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығын атап өту шеңберінде британ продюсері Андре Сингердің «Жел қайдан соққан еді» деректі фильмінің көрсетілімі өтті.

Тәуелсіздік-30. Швейцарияда көрме өтті

Сонымен қатар көрсетілім барысында танымал қазақстандық суретші, ядролық қарусыздану үшін халықаралық қозғалыстың белсенді қайраткері Кәріпбек Күйіковтің «Көгілдір шұғыла» атауындағы картиналарының көрмесі ұйымдастырылды.

Тәуелсіздік-30. Швейцарияда көрме өтті

«Casino Bern» атты тарихи ғимаратта өткен іс-шараға Швейцарияның сыртқы саясат ведомствосының ресми тұлғалары, дипломатиялық корпус, Цюрих университетінің профессорлар және оқытушылар құрамы мен студенттері, іскерлік қауымдастық, мәдениет саласының, БАҚ өкілдері және қазақстандық отандастар қатысты.

Тәуелсіздік-30. Швейцарияда көрме өтті

Швейцариядағы Қазақстан Елшісі Әлібек Бақаев ресми бөлімді аша отырып, іс-шараның негізгі мақсаты – ядролық сынақтардың салдарлары және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған полигонды жабу туралы шешімнің маңыздылығы туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ ядролық қарудан толық бас тарту үшін бірлескен күш-жігерді жандандыру екенін айтты. Елші сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің бейбітсүйгіш сыртқы саясатын жалғастырып, Қазақстан 2045 жылғы БҰҰ 100 жылдығына дейін ядролық қаруда азат әлем құру жолындағы көшбасшылар қатарында қала беретінін атап өтті.

Тәуелсіздік-30. Швейцарияда көрме өтті

Іс-шараның арнайы қонағы – «Базель әлем офисінің» (Basel Peace Offices) директоры Алан Варе өзі тумасы болып табылатын Жаңа Зеландия орналасқан өңірдің АҚШ, Франция және Ұлыбритания ядролық сынақтарынан қалай зардап шеккені туралы әңгімеледі. Алайда Семей полигонындағы ядролық сынақтар барынша ауқымды және қарқынды болды деді ол.

Тәуелсіздік-30. Швейцарияда көрме өтті

Әлем бойынша Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орайластырылған жыл сайынғы іс-шараларды өткізуде Қазақстанмен ынтымақтасу біз үшін үлкен құрмет. Мәселен, биыл ұйымдастырылған Қазақстан, Ядролық сынақтарға жалпы тыйым салу туралы шарт ұйымының Дайындық комиссиясы, БҰҰ-ның қарусыздану жөніндегі басқармасы және «Youth Fusion» үкіметтік емес ұйымымен бірлесе арнайы жастар акциясын қолдаймыз – деді спикер.

Тәуелсіздік-30. Швейцарияда көрме өтті

Швейцария Сыртқы істер федералдық министрлігінің қарулануды, қарусыздануды және ядролық қаруды тарартпауды бақылау бөлімі басшысының орынбасары Рето Воллеман өз кезегінде Нұр-Сұлтан мен Берннің осы салады ұқсас саясат жүргізіп отырғанын атай келе, Қазақстанның денуклеризация және ядролық қаруды таратпау саласындағы күш-жігерін жоғары бағалады.

Тәуелсіздік-30. Швейцарияда көрме өтті

Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның Семей ядролық полигонын жабу, қуаты бойынша әлемде төртінші орында болған ядролық арсеналдан ерікті бас тартуы туралы шешімдердің тарихи маңызын атап өтті және Қазақстанның ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы бастамаларына жоғары баға берді.

Тәуелсіздік-30. Швейцарияда көрме өтті

К. Куюков туындыларының көрмесі де зор қызығушылық тудырды. Суретші тағдырының және оның ядролық жарылыстар тақырыбындағы картиналарының бірегейлігі іс-шара қонақтарына ерекше әсер қалдырды.

Өзгелердің жаңалығы