Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба мемтіркеуден өтті

16 Қараша 2020, 18:32
1563
Бөлісу:
Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба мемтіркеуден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаға қатысты ақпарат таратты.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығына қол қойылды және Әділет министрлігінде Мемлекеттік тіркеуден өтті, - делінген хабарламада.

Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылуда:

- 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап электрондық шот-фактуралар Виртуалды қойма арқылы шығарылуға жататын тауарлар бойынша, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі импорттық-экспорттық операциялар бойынша, акцизделетін өнімдер бойынша;

- 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап ДДСҰ тізбесіндегі тауарлар бойынша.


Өзгелердің жаңалығы