Тау шыңына шығып алған екі жасөспірім өздері кері түсе алмаған

Алматының тауларында құтқарушылар жасөспірімдерге көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ Телеграм арнасы 11 Маусым 2025, 20:30
11 Маусым 2025, 20:30
1047
Фото: ТЖМ Телеграм арнасы

Алматының тауларында құтқарушылар жасөспірімдерге көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, бүгін Медеу ауданында орналасқан Хрищатый шыңының маңында (3950 м) 17 жастағы екі жасөспірім таудан өз бетінше түсе алмай, құтқарушылардан көмек сұраған. 

Оқиға орнына дереу шыққан ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары Мыңжылқы платосына дейін жетіп, ары қарай Амангелді асуы арқылы жаяу іздеу жұмыстарына кіріскен.

Құтқарушылар екі жасөспірімнің біріне алғашқы медициналық көмек көрсетті. Екеуі де қауіпсіз жерге жеткізілді, - делінген ақпаратта.

Наверх