Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Отандасымыз қашықтықты 25:06 уақытта жүріп өтті.

 gov/kz 8 Қыркүйек 2026, 00:40
8 Қыркүйек 2026, 00:40
105
Фото: gov/kz
Қытайдың Гуйян қаласында маунтинбайктан Азия сериясының турнирі аяқталды.

Қазақстандық Татьяна Генелева әйелдер арасындағы ХСС дисциплинасында күміс жүлдеге ие болды. Отандасымыз қашықтықты 25:06 уақытта жүріп өтті.

ҚР ҰОК мәліметінше, алтын медальді қытайлық Тин Ван жеңіп алды - 24:14. Тағы бір қытайлық спортшы Цзыи Чжан қола жүлдеге ие болды.

Наверх