Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз үкіметінің тарихи жетістігіне орай жолдаған құттықтауы үшін алғыс айтты.
Мелони X әлеуметтік желісінде Тоқаевтың екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
Президент Тоқаев, жылы лебізіңіз бен кездесулерімізге әрдайым тән болған шынайы достық үшін рахмет, – деп жазды Италия премьер-министрі.
Мелони болашаққа бағдар ұстайтын көшбасшымен бірге жұмыс істеудің өзі үшін маңызды екенін атап өтті.
Біз Италия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты бірге нығайтып, энергетикадан бастап аса маңызды минералдарға, университеттер арасындағы ынтымақтастыққа дейін жаңа әрі стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашып келеміз, – деді ол.
Италия премьер-министрі Рим мен Астана екі елдің өсіп-өркендеуі үшін ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін айтты.
Бұған дейін Тоқаев Мелониді оның үкіметі Италия Республикасы тарихындағы ең ұзақ жұмыс істеген үкімет атануымен құттықтаған еді. 4 қыркүйекте Мелони басқаратын Министрлер кабинеті үзіліссіз 1413 күн жұмыс істеп, Сильвио Берлусконидің екінші үкіметінің көрсеткішінен асып түсті.