АҚШ Иранның мұнай флотына жаңа соққы жасайтынын ескертті

Иран америкалық екі әскери кемені нысанаға алғаннан кейін үш танкерге соққы жасалды.

 Anadolu 6 Қыркүйек 2026, 16:15
6 Қыркүйек 2026, 16:15
154
Фото: Anadolu

АҚШ Қарулы күштері Иран аймақтағы америкалық екі әскери кемені нысанаға алғаннан кейін Ислам революциясы сақшылар корпусына тиесілі үш танкерді жойғанын мәлімдеді.

АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдемесін америкалық X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

CENTCOM мәліметінше, Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы аймақ суларында патруль жүргізіп жүрген АҚШ Әскери-теңіз күштерінің екі әскери кемесіне баллистикалық зымырандар ұшырғаннан кейін америкалық күштер шикі мұнай тасымалдаған үш ирандық танкерге соққы жасаған.

Мәлімдемеде америкалық кемелердің Иран шабуылынан «сәтті жалтарғаны» айтылған. CENTCOM Харг аралының жағалауында шикі мұнай тасымалдаған екі ирандық танкерді істен шығарып, Оман шығанағында тағы бір ирандық танкерді жойған.

CENTCOM қолбасшысы адмирал Брэд Купер қажет болған жағдайда Иранның саны шектеулі әрі қорғаныссыз мұнай флотын жоюдан тайынбайтындарын мәлімдеді.

Ислам революциясы сақшылар корпусына айтарымыз анық: егер менің кемелеріме оқ атсаңыздар, біз сіздерді бұдан әлдеқайда жоғары экономикалық шығынға ұшыратамыз, – деді ол.

Наверх