6 қыркүйекте Алматы, Астана және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының орташа бағамы белгілі болды.
Үш қалада доллардың сату бағасы 457,65 теңгеден 460 теңгеге дейінгі аралықта.
Алматыда АҚШ долларын орта есеппен 455,69 теңгеден сатып алып, 457,65 теңгеден сатып жатыр. Еуроны 528,14 теңгеден қабылдап, 532,76 теңгеден сатады. Ресей рублін 5,15 теңгеден өткізіп, 5,27 теңгеден сатып алуға болады.
Астанада долларды сатып алудың орташа бағамы – 453 теңге, ал сату бағамы – 460 теңге. Еуроны 525 теңгеден сатып алып, 535,01 теңгеден сатады. Ресей рублінің сатып алу бағамы 5 теңге, сату бағамы 5,27 теңге болып тұр.
Шымкенттегі ақша айырбастау орындары долларды орта есеппен 455,79 теңгеден қабылдайды. АҚШ валютасының сату бағамы – 457,88 теңге.
Еуроны 528,71 теңгеден өткізіп, 533,48 теңгеден сатып алуға болады. Ресей рублінің орташа сатып алу бағамы – 5,17 теңге, сату бағамы – 5,23 теңге.
Үш қаланың ішінде материал жарияланған сәтте доллардың ең жоғары орташа сату бағамы Астанада тіркелді – 460 теңге. Алматыда доллар 457,65 теңгеден, ал Шымкентте 457,88 теңгеден сатылып жатыр.