«Тәтті есірткі». Қант vs семіздік пен депрессия

31 Мамыр 2023, 16:01
2192
Бөлісу:
«Тәтті есірткі». Қант vs семіздік пен депрессия
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Қазіргі таңда әр адам бір затқа тәуелді. Алайда, тәуелділікке алып келетін әдеттер адамдар үшін аса қауіпті. Сондай әдет - қантқа құмар болу. 30 күн бойы немесе өмір бойы қант жемесе не болады? Есірткінің жаңа түрімен қалай күресеміз? Салмақты бір тастап, бір қосатын адамды қандай қауіп күтіп тұр? Ol – jas подкастының қонақтары болған диетолог Арай Әміре мен эндокринолог Махаббат Ибрагим арықтаудың бірнеше жолы туралы айтып, бірнеше қағиданы ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Спикерлердің айтуынша, адам өмірінде ұйқының орны маңызды. Күнделікті рациондағы тамақтарыңызды реттеген соң ұйқыны бір қалыпқа түсірген жөн. Өйткені бұл қағидаттарды ұстанбаса, ерте жастан семіздікке және қан-тамыр ауруларына әкелеуі мүмкін.

Тамағы пайдалы дәрумендерден тұратын адамның миы да сау болады. Әр адам тамақтанған кезде қолына смартфон ұстамағаны дұрыс. Себебі, бұл ағзадағы түсінікпестікке әкеледі. Ми сіздің не жеп отырғаныңызды түсінбейді. Салдарынан бір күн бойы аш жүргендей сезінесіз.

Бұған дейін заң мәселесі, оның ішінде қазақша жазылған заңдардың қатесі туралы спикер Сағидолла Баймұратпен сұхбаттасқан едік.

Сонымен қатар подкастымызда қоғамда қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынас құндылығы ауысқаны туралы да әңгіме өрбіткен едік. Подкаст қонақтары психолог Серікгүл Сәли және блогер Санат Ілияс болған еді.

Ol – jas подкасты – ел жастарының, кәсіби мамандардың еркін пікір айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерге көзқарасын білдіретін ой алаңы.

Видео: Ерболат ЛАҚАЙ
Өзгелердің жаңалығы