Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстанның бірлескен туристік кеңсесі жұмысын бастады

17 Сәуір 2019, 09:38
2311
Бөлісу:
Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстанның бірлескен туристік кеңсесі жұмысын бастады
Фото: автордан

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы уақытта қазақ-өзбек туризмі қарқынды дами түспек. Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан жылына орай Ташкентте Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне арналған туристік ақпарат орталығы ашылды.

Аталған орталық Түркістан облысы мен Шымкент қалалық туризм басқармасының қолдауымен ашылып отыр. Кеңседе туристік өнімдер бір ортақ брендпен біріктіріледі. Алдағы уақытта екі елдің туристік операторларының қатысуымен қос аймаққа шетелдік туристерді тарту жұмыстары жүргізілетін болады.

Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстанның бірлескен туристік кеңсесі жұмысын бастады

Шымкент қаласы туризмінің басқарма басшысы Тұрар Ахметов туристік бағыт екі елдің қай өңірлеріне арналып жасалғанын атап өтті.

«Бүгінде Ұлы Жібек жолының ежелгі қалалары – Самарқанд, Хиуа, Бұхара, Ташкент, Шымкент, Түркістан және Таразға апаратын «Heritage of Uzbekistan and Kazakhstan» атты алғашқы туристік бағыт әзірленді. Бұл бастама Орталық Азияға арналған шенген визасын алудың баламасы», - дейді Тұрар Ахметов.

Сонымен қатар, оның сөзінше,  «Ұлы Жібек Жолының» бірыңғай визасын жоспарлы түрде жүзеге асыру аясында көршілес екі елдің туристік әлеуетін дамытуға жақсы қолдау болмақ.

Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстанның бірлескен туристік кеңсесі жұмысын бастады

Айта кетейік, туристік ақпараттық орталық Өзбекстанда Қазақстан жылының салтанатты ашылуына орай өткізілген іс-шара аясында іске қосылды.

Өзгелердің жаңалығы