Ташкентке пойыз қатынайтын болды

16 Мамыр 2022, 17:00
2398
Бөлісу:
Ташкентке пойыз қатынайтын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 18:3е-да Алматы 2 вокзалынан «Алматы-Ташкент» қатынасындағы №1/2 халықаралық жолаушылар пойызы жолға шықты. 

24 вагоннан тұратын құрам аптасына 3 рет қатынайтын болады. Билеттер құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген. Бағаларды www.bіlet.railways.kz. сайтынан нақтылауға болады 

 27.04.2022 жылғы шешімді ел аумағында коронавирустық індеттің пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады. Бұл ретте «Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шектеу іс-шаралары туралы» Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 29.04.2022 жылғы №21 қаулысында жазылған талаптарды сақтау міндетті.

Қазақстандықтар мен шетел азаматтарының елге темір жол көлігімен кіруі үшін бұрынғыдай теріс нәтижесі бар COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы міндетті.

Анықтама берілген күннен бастап 72 сағаттан аспауы керек. Немесе коронавирустық індетке қарсы екпе немесе қайта екпе қабылдаудың толық курсынан өткені туралы паспорт ұсыну қажет (соңғы дозаны алғаннан кейін 6 айдан аспайтын мерзім). Егер ПТР тестінің нәтижелері немесе COVID-19 вакцинациясының паспорты болмаса, онда жолаушылар вагонға отырғызуға жіберілмейді.

Ертіп жүретін адамдары болса 5 жасқа дейінгі балаларға, ҚР үкіметтік делегацияларының және локомотив бригадаларының мүшелеріне анықтамасыз елге кіруге рұқсат етіледі. Сондай-ақ – теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты және егер 2 компонентті алғаннан кейін ел шекарасын кесіп өту сәтінде 6 айдан аспаса, елде қайта екпе қабылдаған немесе COVID-19-ға қарсы екпенің толық курсын алған адамдарға беріледі. Құжаттамалық растау міндетті болып табылады. Бұл ереже еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ел аумағында жарамды деп танылған, COVID-19-ға  қарсы вакцинация туралы паспорт/сертификат/анықтама ұсынған адамдарға да қолданылады.

 Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz. сайтынан алуға болады. 

Өзгелердің жаңалығы