Тәртіп бұзушылар жауапқа тартылады. Бас санитар жаңа жылдық корпоративтер туралы айтты

24 Желтоқсан 2020, 20:35
1485
Бөлісу:
Тәртіп бұзушылар жауапқа тартылады. Бас санитар жаңа жылдық корпоративтер туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитарлық дәрігер Нұр-Сұлтандағы жаңа жылдық ертеңгіліктер мен корпоративтер туралы айтты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтанда қалалық бас санитарлық дәрігер Жанна Пірәлиеваның қаулысына сәйкес, жаңа жылдық ертеңгіліктерге, корпоративтерге және тойлауға арналған басқа да мерекелік іс-шараларға тыйым салынады.

Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктерді, корпоративтерді және тойлауға арналған басқа да орындарда өткізуге тыйым салынды. Мобильді топтар күшейтілген режимде санитарлық нормалардың сақталуын бақылайтын рейдтер жүргізуді жалғастыратын болады. Тәртіп бұзушылар жауапқа тартылады. Бірнеше рет бұзғаны үшін сот Alanya түнгі клубы мен Tekuila кафе-барының қызметін үш айға, Janym Sol караоке-барының қызметін бір айға тоқтатты. Сондай-ақ сотта 9 нысанға қатысты материалдар бар, - деді Жанна Пірәлиева.

Айта кетейік, бас санитардың қаулысы бойынша Нұр-Сұлтанда 25 желтоқсаннан бастап сауда алаңы 2 мың шаршы метрден асатын гипермаркеттер мен супермаркеттерге тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бұдан бөлек 26 желтоқсаннан бастап кинотеатрлар да жұмыс істей бастайды.

Өзгелердің жаңалығы