Елордада супермаркеттерге тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат берілді

24 Желтоқсан 2020, 20:06
1753
Бөлісу:
Елордада супермаркеттерге тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 25 желтоқсаннан бастап сауда алаңы 2 мың шаршы метрден асатын гипермаркеттер мен супермаркеттерге тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат етілді. 

Елорда әкімі Алтай Көлгінов үлкен кезектердің пайда болуына жол бермеу үшін жаңа жылдық мерекелер қарсаңында объектілерді тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстыруға рұқсат беруді тапсырды.

Мереке қарсаңында дүкендерде келуші саны көбеюі байқалады. Үлкен кезектердің пайда болуына жол бермеу үшін жарлықта жаңа жұмыс кестесі белгіленді. Аумағы 2 мың шаршы метрден асатын супермаркеттер мен гипермаркеттер жұмыс уақытында шектелмейді. Келушілер саны 30%-дан аспауы керек. Жер-жерлерде объектілердің басшылары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып жұмысты ұйымдастыруы керек, - деді қаланың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Өзгелердің жаңалығы