Тарихи телехикаялар актерлеріне кастинг жарияланды

15 Сәуір 2022, 13:13
2829
Бөлісу:
Тарихи телехикаялар актерлеріне кастинг жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2022 жылы түсірілетін тарихи телехикаялар актерлеріне кастинг жариялайды, деп жазды facebook-тегі парақшасында телеарна директоры Еркін Мұхамеджанов. 

 

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 𝟐𝟎𝟐𝟐 жылы түсіретін тарихи телехикаяларының басты және қосалқы рөлдегі актерлеріне жалпыхалықтық кастинг жариялайды. Кастингке кәсіби актерлерден бөлек, халық арасынан шыққан кез келген азамат қатыса алады.

Биыл «𝐐𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧» ұлттық телеарнасы тарихи бағытта күйші Дина Нүрпейісова, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлы, ақын Мағжан Жұмабаев және әдебиеттанушы, академик Әлкей Марғұлан тұлғасына арналған телехикаялар түсіреді.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының биылғы телехикаялар жобасы үшін жариялаған ашық байқауы өткен жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында жүргізіліп, отандық киноөндіруші 𝟓𝟒 компаниядан 𝟏𝟖𝟖 сериал жобасы келіп түсті. Олардың арасынан Көркемдік кеңестің іріктеуімен барлығы 𝟏𝟔𝟑 бөлім болатын 𝟏𝟒 отандық сериал жобасы таңдалып алынды.

Продакшндар арасында арнаның бұған дейінгі сериалдарын өндірген «𝐌𝐮𝐫𝐀𝐢 𝐏𝐫𝐨𝐝𝐮𝐜𝐭𝐢𝐨𝐧», «𝐂𝐢𝐧𝐞𝐦𝐚 𝐂𝐨𝐦𝐩𝐚𝐧𝐲 𝟐𝟖», «𝐏𝐨𝐬𝐡𝐚𝐧𝐨𝐯 𝐩𝐢𝐜𝐭𝐮𝐫𝐞𝐬», «Сақ-дала», «𝟓 Студия 𝐓𝐕 𝐏𝐫𝐨𝐝𝐮𝐜𝐭𝐢𝐨𝐧», «𝐀𝐫𝐚𝐲 𝐌𝐞𝐝𝐢𝐚 𝐆𝐫𝐨𝐮𝐩», «𝐑𝐄𝐂 𝐦𝐞𝐝𝐢𝐚» компаниялары бар.

Дина Нүрпейісова туралы сериалға төмендегі рөлдерге кастинг жарияланады:

Кішкентай Дина (𝟖-𝟏𝟎 жастағы кезі)

Дина (𝟐𝟎 жастағы кезі)

Құрманғазы Сағырбайұлы (𝟒𝟓-𝟓𝟎 жастағы кезі)

Актерлерге қойылатын басты шарт – домбыра тарта алуы тиіс.

Мағжан Жұмабаев тұлғасына арналған сериал актерлері:

Мағжан Жұмабаев (𝟐𝟐-𝟐𝟖 жастағы кезі)

Сәкен Сейфуллин (𝟐𝟏-𝟐𝟕 жастағы кезі)

Сәбит Мұқанов (𝟏𝟕-𝟐𝟎 жастағы кезі)

Бейімбет Майлин (𝟐𝟑-𝟐𝟓 жастағы кезі)

Міржақып Дулатұлы (𝟑𝟎-𝟑𝟓 жастағы кезі)

Амангелді Иманов (𝟑𝟓-𝟒𝟎 жастағы кезі)

Әліби Жангелдин (𝟑𝟓-𝟒𝟎 жастағы кезі)

Міржақып Дулатұлы телехикаясына қосалқы актерлерге кастинг:

Мағжан Жұмабаев (𝟐𝟎-𝟑𝟎 жастар шамасы)

Сәкен Сейфуллин (𝟐𝟎-𝟑𝟎 жастар шамасы)

Мұхтар Әуезов (𝟐𝟎-𝟑𝟎 жастар шамасы)

Мұстафа Шоқай (𝟒𝟎-𝟒𝟓 жастар шамасы)

Әлкей Марғұлан телехикаясына негізгі және қосалқы актерлер:

Әлкей Марғұлан (𝟐𝟎 жастағы кезі)

Әлкей Марғұлан (𝟓𝟎 жастағы кезі)

Қаныш Сатбаев (𝟔𝟎 жастағы кезі)

Мұхтар Әуезов (𝟐𝟓 жастағы кезі)

Мұхтар Әуезов (𝟓𝟎 жастағы кезі)

Шафик Чокин (𝟓𝟎 жастағы кезі)

Әбікен Бектұров (𝟔𝟎 жастағы кезі)

Александр Затаевич (𝟔𝟎 жастағы кезі)

Василий Бартольд (𝟓𝟕 жастағы кезі)

Өтінімдер 𝟐𝟎𝟐𝟐 жылғы 𝟏𝟓 мамырға дейін 𝐜𝐚𝐬𝐭𝐢𝐧𝐠@𝐪𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧.𝐭𝐯 электронды поштасы арқылы қабылданады.

Байқау шарттары:

Кастинге қатысушы аты-жөні, байланыс нөмірін көрсетіп,

- Дене бітімін толықтай көрсететін және ірі пландағы суретін; - Ойнайтын образда түсірілген суретін;

- Ойнайтын образымен 𝟏 минуттық видео жіберуі тиіс.

Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: 𝟖 (𝟕𝟏𝟕) 𝟐 𝟕𝟓 𝟕𝟐 𝟑𝟎.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы бұдан бөлек, қазіргі уақытта «Қорқыт ата» телехикаясының түсірілім жұмыстарына дайындықты бастады. Түркі халықтарына ортақ тұлға бейнесіне арналған сериал үш жыл мерзім аралығында Түркия және Өзбекстан елдерімен бірлесіп түсіріледі.

Өзге жанрлардағы отандық сериалдар бойынша, өткен жылы эфирде жоғары рейтинг көрсеткен «Ақжауын» және «Күйеу бала» телехикаяларының екінші маусымын түсіру жайында шешім қабылданғанын хабарлаймыз.

Өзгелердің жаңалығы