Таразда Жеңіс күніне орай «Жылжымалы концерт» ұйымдастырылды

9 Мамыр 2021, 17:29
2280
Бөлісу:
Таразда Жеңіс күніне орай «Жылжымалы концерт» ұйымдастырылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантиндік шектеулерге байланысты Тараз қаласында Жеңіс күні ерекше форматта атап өтілді. Қала тұрғындары үшін «Жеңіс экипажы» ұйымдастырылды, аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасарлары, басқармалардың басшылары ардагерлерді мерекелерімен арнайы құттықтады.

Қарт-майдангер Әшірбек Сәрсенбиев Запорожье қаласын азат етуге және Балтық жағалауындағы, Германиядағы ұрыстарға қатысқан. Ол Ұлы Жеңісті Берлинде қарсы алған. Майданнан оралғаннан кейін түрлі салаларда жұмыс істеді. Биыл ардагер 101 жасқа толды. 7 бала тәрбиелеп олардан 29 немере, 58 шөбере мен 5 шөпшек сүйіп отыр.

Сіздің өмір жолыңыз – өскелең ұрпақ үшін өнегеге толы. Жеңіске жетуге сіздердің қосқан үлестеріңіз орасан. Сіздердің арқаларыңызда біз бүгін бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүріп жатырмыз. Онсыз даму мүмкін емес, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек.

Таразда Жеңіс күніне орай «Жылжымалы концерт» ұйымдастырылды

Бұдан соң аймақ басшысының орынбасары биыл 95 жасқа толған Виктор Долгановтың үйіне барды.

Жас ұрпақ бейбітшіліктің бәрінен қымбат екенін әрдайым есте ұстауы тиіс. Біздің ұрпақтарымыз енді мұндай сұмдықты көрмеуін тілеймін, - дейді Виктор Долганов.

Таразда Жеңіс күніне орай «Жылжымалы концерт» ұйымдастырылды

Жеңіс күніне орай Тараз көшелерінде «Ұлы Жеңіс жаңғырығы» мерекелік акциясы аясында соғыс жылдарының әндері шырқалды. «Жеңіс экипажының» қатысушылары Ұлы Жеңіс, майдан туралы танымал әндерді шырқап, автокөліктермен облыс орталығының шағын аудандары мен орталық көшелері, Жалпақтөбе ауылы, Құмшағал тұрғын алабы, қант зауыты және «за линией» массивтері бойынша жүріп өтті.

Таразда Жеңіс күніне орай «Жылжымалы концерт» ұйымдастырылды

Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағынан бастау алған акция  барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталды. Концерттік бағдарламалар жол-жөнекей ұйымдастырылғандықтан адамдардың қалың жиналуына жол берілген жоқ.

Өңір өнерпаздары «Ах, Самара, Городок», «Кестелі орамал», «Ана туралы баллада», «Жас қазақ», «Әлия», «Катюша», «День победы», «Три танкиста», «Синий платочек», «Смуглянка», «Ах, эти тучи в голубом» және тағы басқа әндерді нақышына келтіре шырқады.

Таразда Жеңіс күніне орай «Жылжымалы концерт» ұйымдастырылды

Сондай-ақ, экипаждағы образдары сомдалған Жамбыл Жабаев, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова бейнелері, абыз ақын Жамбыл Жабаевтың соғыс уақытында шыққан жырлары мен баһадүр-қаламгер Бауыржан Момышұлының күнделігінен оқылған прологтары шараның тағылымдық маңызын арттыра түсті, - деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жеңіс күніне орай Жамбыл облысындағы 35 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 1 миллион теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Таразда Жеңіс күніне орай «Жылжымалы концерт» ұйымдастырылды

Сондай-ақ 3400-ден аса тыл еңбеккерінің әрқайсысына 50 мың теңгеден берілді. Сол секілді, соғысқа қатысушылардың 534 жесірі мен мүгедектерінің әйелдеріне де осындай көлемдегі әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ал Ленинград блокадасы мен концлагерь тұтқынында  болғандарға 60 мың теңгеден бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындалды.



Өзгелердің жаңалығы