Таразда пәтерден өрт шығып, ломбард пен дүкенге ұласты – зардап шеккендер бар

1 Қыркүйек 2023, 02:20
376
Бөлісу:
Таразда пәтерден өрт шығып, ломбард пен дүкенге ұласты – зардап шеккендер бар
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Таразда 31 тамызда сағат 17.59-да бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызыл жалын одан әрі бірінші қабаттағы ломбард пен дүкеннің шатырына ұласты. Өрттің ауданы - 40 шаршы метр.

Өрт сөндіру қызметінің күшімен өрт 18-19-да оқшауланып, сағат 18-28-де толық жойылды. Өртті сөндіру барысында баспалдақ арқылы 30 адам эвакуацияланды, оның ішінде 13 бала бар. Өрт орнынан түтіннен улану белгісі бар пәтер иесі табылып, ауруханаға жеткізілді, - деді Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің алдын ала себебі анықталу үстінде.

 

Өзгелердің жаңалығы