Таразда "Көше саудасы – 100 орын" жобасы іске қосылды

7 Ақпан 2020, 05:38
2043
Бөлісу:
Таразда "Көше саудасы – 100 орын" жобасы іске қосылды
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласында "Көше саудасы – 100 орын" жобасы іске қосылды. Бұл туралы қала әкімі Айтқазы Қарабалаев халық алдындағы қорытынды есебінде мәлімдеді.

Бұл жұба осы уақытқа дейінгі жабайы сауда-саттыққа тосқауыл қойып, заман талабына сай бизнесті ілгерілетуге оңтайлы жағдай тудырады. Шығыстық үлгідегі сәулет өнерімен әрленген дүңгіршектер мен павильондарды орнату үшін олардың бір типті нобайы анықталып, тиісті мекемелерде бекітіліп үлгерген.

Айтқазы Дәулетқұлұлының сөзіне қарағанда, тараздық жеке кәсіп иелеріне "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ арқылы 41 жер телімі жалға беріліп, құжаттары рәсімделген. Бүгінде оның 30 шақтысына заманауи дүңгіршектер тұрғызылып, кәсіпкерлер жұмыстарын бастап кеткен.

Сондай-ақ әлеуметтік негіздегі азық-түлік тауарларының баға бағамын тұрақтандыру бағытында да едәуір шаруаларды атқардық. Мәселен, жеке кәсіпкерлерге қала аумағынан әлеуметтік павильондар салу үшін қосымша 55 жер телімі үлестірілді. Бұл жұмыстардың да барысы күнделікті бақылауымызда, – деді А.Қарабалаев.
Айтпақшы, қала әкімі тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға нан өнімдерін төмендетілген бағамен – 75 теңгеден сату үшін тиісті отбасылардың тізімі жасақталып, Тараз қаласы бойынша жұмыс істейтін 7 наубайхананың 6-уымен екі жақты келісімдерге қол қойылғанын да мәлімдеді.
Өзгелердің жаңалығы