Таразда баланы көтеріп алып, жерге бір соққан жасөспірім анықталды

Балаға күш көрсеткен жасөспірімнің әрекеті видеоға түсіп қалды.

 видеодан скриншот 29 Шілде 2026, 15:41
29 Шілде 2026, 15:41
264
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Таразда баланы көтеріп алып, жерге бір соққан жасөспірімнің видеосы тарады. Полиция оқиға қатысушыларының анықталғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Не болды?

Таразда жасөспірім өзінен бірнеше жас кіші баланы қуып жетіп, көтеріп алған соң жерге бір соққан. Оқиғаның видеосы желіде тарады. 

Оқиға қатысушылары анықталды

Полиция департаментінің өкілдері тексеру барысында оқиғаға қатысқан барлық кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталғанын айтты. Жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілген. 

Зардап шегушіні медицина қызметкерлері тексеріп, оған қажетті медициналық көмек көрсетті. Тексеруден және медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді. Құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағанның ата-анасы баласының бұзақылығы үшін, сондай-ақ кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Тараз қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Қандай жаза қолданылады?

Кәмелетке толмағанға қатысты материалдар жиналып, заңда көзделген профилактикалық ықпал ету шараларын қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

Полиция департаменті кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен мінез-құлқына олардың заңды өкілдері жауапты екенін еске салады. Ата-аналар балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, олардың бос уақыты мен мінез-құлқын бақылауы, сондай-ақ олардың құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеуі қажет.

Еске салайық, бұған дейін Астанада 5 оқушыны ұрып-соққан  жасөспірімдердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Әр екінші оқушының қауіпті әдеті белгілі болды

Астанадағы Триатлон паркіндегі өрт: Күдікті 4 жасөспірім анықталды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх