Астанадағы Триатлон паркіндегі өрт: Күдікті 4 жасөспірім анықталды

Жасөспірімдер полиция бөліміне жеткізіліп, қылмыстық іс қозғалды.

Бүгiн 2026, 17:00
АВТОР
 Астана ПД Бүгiн 2026, 17:00
Бүгiн 2026, 17:00
202
Фото: Астана ПД

Астанадағы Триатлон паркіндегі балалар алаңында болған өртке қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Полицейлер таңертең ерте «Арқар» көпірінің астында болған өртке қатысы болуы мүмкін кәмелетке толмағандардың кім екенін анықтады.

Алдын ала мәлімет бойынша, төрт кәмелетке толмаған бала елордалық парктердің бірінде заңды өкілдерінің қарауынсыз жүріп, көгалды өртеген. Салдарынан от балалар алаңына таралған. Жасөспірімдердің кім екені анықталып, қажетті процестік әрекеттерді жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді, – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаментінен.

Ведомство өкілдері бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері бала тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады, – деп толықтырды полициядан.

Өрт жедел түрде ауыздықталып, зардап шеккендер болған жоқ. Полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін шұғыл қызметтердің өзара іс-қимылын ұйымдастырды.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең ерте Триатлон паркінің аумағында өрт болған еді. Ол кезде ТЖД өрттің шамамен 25 шаршы метр аумақты алып жатқан балалар алаңын шарпығанын хабарлаған болатын.

Куәгерлердің айтуынша, олар жалынды шұғыл қызметтер келгенге дейін байқап, өртсөндіргіштің көмегімен отты өз бетінше сөндіруге тырысқан, бірақ өрт тез таралып кеткен.

Тергеу амалдары жалғасуда. Полицейлер ата-аналарға балалардың жүрген жері мен бос уақытын, әсіресе түнгі және таңертеңгі уақытта бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх