Астанада жасөспірімдер 5 оқушыны ұрып-соққан: Қылмыстық іс қозғалды

Жасөспірімдер мектеп оқушыларын соққыға жыққан.

18 Маусым 2026, 12:31
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 18 Маусым 2026, 12:31
18 Маусым 2026, 12:31
938
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Астанада бір топ жасөспірім бес баланы соққыға жықты. Оқиғаға қатысушылар полиция бөліміне жеткізілді.

Белгілі болғандай, оқиға 10-11 маусымда Астанадағы аудандардың бірінде болған.

Ата-аналардың айтуынша, бір топ жасөспірім бес баланы кезек-кезек соққыға жыққан. Олар сондай-ақ балалардың бірін соққыға жыққан сәт түсірілген бейнежазбаны да жариялады.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталғанын хабарлады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері олардың бұрыннан таныс болғанын айтты.

Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, олар бұрыннан таныс болған. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы Триатлон паркіндегі өртке қатысы бар күдікті 4 жасөспірім анықталды

Тағы оқи отырыңыздар: 

Әр екінші оқушының қауіпті әдеті белгілі болды

Астанада белгісіз ер адам мектеп оқушысын алып кетпек болды

Астанада көлігінде газ баллоны жарылған азамат қайтыс болды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ASTANA | НОВОСТИ | АСТАНА (@astanagramlive)

Наверх