Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузиядан экстрадицияланады

15 Желтоқсан 2021, 22:00
1285
Бөлісу:
Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары  Грузиядан экстрадицияланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау рәсімі жүзеге асырылып жатыр.

Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті  ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.А. Сарытайға халықаралық іздеу жариялаған болатын.

Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Грузияның құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және  ІІМ Интерпол ҰОБ – мен бірлесіп К.А.Сарытай Грузия аумағында ұстап, қамауға алды.

 


 

Өзгелердің жаңалығы