Тараз гарнизонында даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына ескерткіш ашылды

5 Наурыз 2022, 07:15
1660
Бөлісу:
Тараз гарнизонында даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына ескерткіш ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған құрамасында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлына ескерткіш ашылды. Салтанатты рәсімге Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасө қызметі.

Бауыржан Момышұлы саналы ғұмырын Отан қорғауға арнаған өз елінің нағыз патриоты. Ол ұстанымына адал, өз ісінің шебері болған кісі, – деді Қорғаныс министрі. – Аты аңызға айналған ұлы тұлғаның адамгершілік қасиеттері және оның еңбектері туралы көп айтуға болады. Жас ұрпақ Момышұлының ерлік жолын мәңгі есінде сақтап, оның өнегелі өміріне қарап бой түзері анық. 

Ескерткіштің ашылу салтанатынан кейін Қорғаныс министрі мен облыс әкімі әскери бөлімнің мұражайымен танысты. Генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, бригаданың жеке құрамына аты аңызға айналған қолбасшының есімін лайықты алып жүруіне тілек білдірді.

...Оның мұрасы әр әскери қызметшінің үстелінде жатуы тиіс, – деп жазды министр қолтаңбалар кітабына.

2021 жылы аталған әскери бөлімге даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының есімі берілген болатын. Әскери қызметшілер мұны өздеріне жүктелген айрықше сенім мен құрмет деп біледі. Бригада жеке құрамы жауынгерлік оқудағы жетістіктері арқылы даңқты қолбасшының есімін лайықты алып жүреріне сенімді.

Өзгелердің жаңалығы