Тапсырма беруіңізді сұраймыз. Сенаторлар Маминге өтініш жасады

18 Ақпан 2021, 13:36
1832
Бөлісу:
Тапсырма беруіңізді сұраймыз. Сенаторлар Маминге өтініш жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың бір топ депутаты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтуді ұсынды.

Алдымызда мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының рухани көсемі, қазақ әліпбиінің тұңғыш реформаторы, ғұлама, ел тарихында өшпес із қалдырған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы тұр. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын әлемдік деңгейде тойлау еліміздің әлемдік аренадағы беделін арттырады. Ұлт ұстазының ізбасарлары Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан сияқты ғұламалардың 100 жылдық мерейтойлары, серіктесі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы ЮНЕСКО шешімімен дүниежүзілік деңгейде аталып өтті, - деді сенатор Алтынбек Нухұлы.

Ол осыған байланысты Үкімет басшысы Асқар Маминге бірнеше ұсыныс жасады. 

Біз Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арналған ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізу, оған елордада және өзі қызмет еткен Қызылорда, Семей, Алматы қалаларында ескерткіштер қою қажет деп санаймыз. Сондай-ақ сізден Қостанай облысы әкімдігінің алдына Ахмет Байтұрсынұлының ауылын абаттандыру, оған апаратын жолдарды жөндеу туралы тапсырма беруіңізді сұраймыз, - деді депутат.

Одан бөлек Алаш ардақтысы туралы деректі фильмдерді толықтырып жаңарту және ұлт ұстазына арнап көркем фильм түсіру керек екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы