Қаланың тазалығы мен көркі сол елді мекеннің мәдениеті мен тұрмыс сапасының айқын көрсеткіші. Бұл ретте қала тазалаушыларының еңбегі ерекше, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Күн сайын таңертең ерте оянатын қала тазалаушылар көшелерді, алаңдарды, қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, ел өміріне жайлы орта қалыптастыруға өз үлестерін қосып келеді.
Сондай жандардың бірі «Еңбекқор ел» жобасының кейіпкері “Астана Тазалық” мекемесінің жол жұмысшысы Хамұтбек Алпысбай.