Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тәліптер Ауғанстанда шахматқа тыйым салды

12 Мамыр 2025, 02:30
356
Бөлісу:
 AFR
Фото: AFR

Ауғанстанда діни себептермен шахматқа тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Khaama press басылымына сілтеме жасап.

Ауғанстан әкімшілігі елдегі түрлі ойын-сауық пен спорт түрлеріне тосқауыл қою саясатын жалғастыра отырып, шахматқа ресми түрде тыйым салды, – деп жазылған мәліметте.

Ауғанстанның ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу министрлігі «діни мәселелерге лайықты жауаптар табылмайынша, спортқа тыйым салынады» деді.

Агенттік ойынды харам деп атап, Ауғанстан шахмат федерациясын да таратқан.

Өзгелердің жаңалығы