ақпарат
-
-
12 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, республиканың басым бөлігінің кей жерінде жаңбыр жауады. Кей жерінде тұман, желдің күшеюі, найзағай сақталады, оңтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.
12.04.2019
-
Елордада ғарыш күніне арналған көрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғарыш жетістіктеріне арналған көрме қаланың мемлекеттік мұрағатында жұмыс істеуде, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
11.04.2019
-
Жастар шағын ауданы әлі «ақылды аймақ» болуға дайын емес - Сұлтанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі қаланы аралау барысында екі вокзалда, Дүкенұлы көшесін қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысып, Ботаникалық бақты көріп қайтты. Cонымен қатар қаланы аралау барысында бірқатар басқарманың жұмысын сынға алды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты жазды.
11.04.2019
-
Тоқаев «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына барды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
11.04.2019
-
Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы оқиғалар аңдатпасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы оқиғалар аңдатпасын жариялады.
11.04.2019
-
Ұлттық ат спортынан Жастар арасындағы І Азия чемпионаты өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен "Сұңқар" шаңғы трамплині кешенінде Ұлттық ат спортынан Жастар арасындағы І Азия чемпионаты мен Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» атты ІІ Халықаралық этноспорт форумына орай баспасөз мәслихаты өтті.
11.04.2019
-
Тоқаев Ақтаудағы бірқатар мекеменің жұмысымен танысып қайтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласындағы №2 емханаға және кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін орталық барып, мекемелердің жұмыс барысымен танысып қайтты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
11.04.2019
-
Елордада ірі жол апатында құтқаруға атсалысқан қызметкерлерге алғыс хат табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әкім 26 наурызда ЖКО салдарынан зардап шеккендерді құтқаруға атсалысқан денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетті.
11.04.2019
-
Талдықорғанда дүниеге келген үшемге 3 бөлмелі үйдің кілті берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта Бауберіковтер әулетінде дүниеге келген үшемнің отбасына үш бөлмелі тұрғын үйдің кілті сыйға тартылды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
11.04.2019
-
Функцияларды бәсекелес ортаға беру тәсілдері айқындалған заң қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орталық және жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, қабылданды.
11.04.2019
-
Павлодар облысында иісшіл иттердің көмегімен 160 қылмыстың беті ашылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде қызметтік иттер марапатталды. Полицейлердің серігіне айналған төрт аяқтылар төсбелгілерге ие болды.
11.04.2019
-
ҰЭМ басшысы өз еркімен қызметінен кеткен Жұманғаринге табыс тіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов әріптесі, жақында ғана қызметінен босатылған бұрынғы вице-министр Серік Жұманғаринге табыс тілейтінін айтты.
11.04.2019
-
Байқоңыр қаласында мемлекеттік органдардың жаңадан 10 бөлімшесі ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы нормалардан тұратын заң жобасы ратификацияланды.
11.04.2019
-
Мемтерминкомды мемлекеттік органға айналдыратын уақыт келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Мәжілісінде өткен «Рухани жаңғыру: қазіргі қазақ терминологиясы» ғылыми-практикалық конференциясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі Дәуітәлі Омашұлы осылай деді.
11.04.2019
-
Сот жүйесіндегі терминологияда да шатқаяқтап тұрған жағдай көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде өткен «Рухани жаңғыру: қазіргі қазақ терминологиясы» ғылыми-практикалық конференциясында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Бағдат Мақұлбеков сот жүйесіндегі, тіпті заң саласына қатысты Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіндегі термин қолданудың сөлекеттігі туралы айтты.
11.04.2019
-
Білім беру терминологиясының 2025 жылға дейінгі жоспары таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Қажыбек еліміздегі терминология саласын дамытудың тетіктерін атап өтті.
11.04.2019
-
ОСК президент сайлауын өткізуге 12 млрд теңге сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов Парламент Сенатының кулуарында кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 12 млрд теңге қажет болуы мүмкін екенін айтты.
11.04.2019
-
Тәуелсіздік жылдары ішінде 5 ретке дейін аударылған терминдер бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Шерубай Құрманбайұлы өз баяндамасында терминология саласында қордаланып қалған мәселелерге тоқталды.
11.04.2019
-
30 жылда 30 мыңға жуық термин аударылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Парламенті төртінші сессиясының жұмыс жоспарын іске асыру аясында Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Рухани жаңғыру: қазіргі қазақ терминологиясы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр.
11.04.2019
-
Шымкентте 10 мыңға жуық медицина қызметкерінің жалақысы өседі – Ақтаева
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Биылдың 1 маусымынан бастап ерекше сұранысқа ие мамандардың жалақысы өседі. Олардың қатарында дәрігерлер де бар. Соның ішінде Шымкент қаласындағы 10 мыңға жуық медицина қызметкерінің айлығы көбейеді. Денсаулық сақтау саласына қатысты осы және тағы басқа жаңалықтарды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Шымкент тұрғындарымен кездесуінде айтып берді.
11.04.2019
Наверх