ақпарат
-
-
АҚШ пен Еуропада шектеу шаралары жазда жойылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа мен АҚШ-та коронавирусқа қатысты енгізілген шектеу шараларын жаздың соңында шешуге болады. Мұндай мерзімді америкалық Pfizer компаниясымен бірлесіп коронавирусқа қарсы вакцинаны өндіруші BioNTech компаниясың бас директоры Угур Шахин болжады.
21.03.2021
-
«Таза табиғат» жобасы: Маңғыстауда 2500-ге жуық ағаш отырғызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаланы көгалдандыру жұмысы «Таза табиғат» жобасының «Мекенім - жасыл елім» атты республикалық акциясы аясында орындалып жатыр.
21.03.2021
-
Бітімгерлер ротасы Ливаннан елге оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық бітімгерлердің кезекті ротациясы өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
21.03.2021
-
Наурыздағы жақсылық: «ҚазАқпарат» ұжымы тұрмысы төмен отбасыларға көмек берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Наурыз мерекесіндегі ел бойынша игі істер әлі де жалғасып жатыр. Бүгін «ҚазАқпарат» ХАА ұжымы қазақтың киелі мерекесі қарсаңында елордада тұратын жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратты.
21.03.2021
-
Қазақстанда «Таза табиғат» экологиялық жобасы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда наурыз мерекесі қарсаңында «Таза табиғат» экологиялық жобасы басталды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және облыстық әкімдіктердің бірлескен шарасында бірнеше аймақта ағаш отырғызу, айналаны қоқыстан тазарту, су көздерін ашу акциялары өтті. Жалпыұлттық жоба Түркістан қаласында бастау алып, Жамбыл , Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында жалғасты.
21.03.2021
-
Шектеу шараларына ашуланғандар да болды – рестораторлар қауымдастығының басшысы
Алматы. BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласында енгізілген бір апталық қатаң шектеу шараларына қатысты ақпаратты кәсіпкерлер әр түрлі қабылдады. Ашуланғандар да, басу айтқандар да болды, дейді Қазақстан рестораторлар клубы қауымдастығының басшысы Гүлнар Катибаева.
21.03.2021
-
Қалыптасқан жағдайға бір апта түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз – басқарма басшысы
Алматы. BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин кәсіпкерлерді бір аптаға енгізілген шектеу шараларына түсіністікпен қарап, талаптары қатаң сақтау арқылы қаладағы эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін үлес қосуға шақырды.
21.03.2021
-
500-ге жуық павлодарлық шебер құрақ көрпе тігудің қыр-сырын меңгерді
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде өткен жылдың соңында басталған «КөрпеFest» этнофестивалі мәресіне жетті.
21.03.2021
-
«Ел тірегі – Елбасы» акциясы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда «Халық» қайырымдылық қорының «Ел тірегі – Елбасы» акциясы басталды.
21.03.2021
-
Түркістан әуежайынан алғашқы халықаралық рейс ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 наурызда Наурыз мейрамы қарсаңында Елбасының және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен құрылған алғашқы отандық лоукост әуе тасымалдаушысы Fly Arystan әуе компаниясы Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласынан Стамбұлға алғашқы халықаралық тұрақты рейсті орындады.
21.03.2021
-
COVID-19. 3 өңір «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
21.03.2021
-
Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
21.03.2021
-
Таразда ҚАЖД басшылығы сала ардагерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков, Қылмыстық- атқару жүйесі саласының дамуына үлес қосқан сала ардагерлерін Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.
21.03.2021
-
Оразалин Ақтөбе-Қандыағаш тас жолына күрделі жөндеу жүргізетін мердігерлермен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Мұғалжар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.
21.03.2021
-
ДСМ коронавирустың штаммдарына зерттеу жүргізуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп Covid-19 штаммдарын анықтайтын экспресс ПТР-скринингтің жаңа әдістемесі енгізілді.
21.03.2021
-
Коронавирустан кейін қандай асқынулар болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бюросының отырысына қатысты. Шарада постковидтік асқынулар мәселесі талқыланды.
21.03.2021
-
Бас санитар дәрігер үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов Наурыз мейрамына арналған демалыс күндері қарсаңында үндеу жасап, бірқатар кеңес берді.
21.03.2021
-
Тараз тұрғындарына 90 пәтердің кілті табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мерекесі қарсаңында Тараз қаласының 15-шағын ауданында 45 пәтерлік екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа қоныс той иелеріне пәтер кілттерін табыстады.
20.03.2021
-
Бекшин: Егде жастағы адамдар үйден шықпағаны дұрыс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында 65 жастан асқан азаматтарға үйден шықпауды өтінді.
20.03.2021
-
Басқарма: Осылай жалғаса берсе, COVID-19-дың үшінші толқынына тап болуымыз мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған реанимациялық және инфекциялық төсек-орындары толып жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
20.03.2021
Наверх