ақпарат
-
-
Қазақстан елшісі Швеция Короліне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Елшісі Сергей Нұртаев Швецияның Королі Карл XVI Густавқа сенім грамоталарын Швеция Сыртқы істер министрлігінің Протокол департаменті арқылы арнайы тәртіппен тапсырды.
19.03.2021
-
Таласов Шығыс өңірінің әскери бөлімдерін тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Өскемен, Семей, Аягөз бен Үшарал гарнизондарына жұмыс сапарымен барды.
19.03.2021
-
Сарысу ауданына жаңа әкім тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Сарысу ауданының әкімі болып Марат Сұлтанғалиев тағайындалды.
19.03.2021
-
Мусиннің мониторингі: Көші-қонға қызмет көрсететін 8 терезенің біреуі ғана істеп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ескертусіз Нұр-Сұлтан қаласының ХҚКО-на барды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
19.03.2021
-
Әз Наурыз: Павлодар облысында «Жеті атаңды біл» зияткерлік сабақтары басталды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында Наурыз мейрамын атап өту концепциясына орай ұрпақ тәрбиесіне бағытталған шаралар легі ұйымдастырылуда.
19.03.2021
-
Тараз қаласының әкімі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Ержан Жылқыбаев Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды.
19.03.2021
-
Мамытбеков мал басын асылдандыру үшін қандай шаралар атқарылғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан ет одағының басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков Ірі қара мал өсірудің ортақ нарығын дамыту Еуразиялық ет одағының отырысында елде мал басын асылдандырудың проблемалары мен осы бағытта атқарылған жұмыстар жайында сөз қозғады.
19.03.2021
-
Қазақстандық жастар Елбасы медалімен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Қазақстанның барлық өңірінде жастарды Елбасы медалімен мараппаттауға арналған салтанатты іс-шаралар өтуде. Жалпы саны бойынша 384 жеңімпазбен Алматы және 340 жеңімпазбан Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр.
19.03.2021
-
Кеңестік кезеңде бізде етті мал шаруашылығы болған емес – Асылжан Мамытбеков
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан ет одағының басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков ірі қара мал өсірудің ортақ нарығын дамыту Еуразиялық ет одағының отырысында айтты.
19.03.2021
-
Оқушылар «Minecraft» платформасында садақ атып, аламан бәйгеден сынға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай далада ақшаңқан киіз үйлер тігіп, «Садақ ату», «Қазақ күресі» мен «Аламан бәйгеден» сынға түсті. «Minecraft» платформасында ұйымдастырылған сайысқа еліміздің түкпір-түкпіріндегі зияткерлік мектеп оқушылары қатысты.
19.03.2021
-
ҰҚК трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, «А» арнайы мақсаттағы қызметін қатыстырумен аса қауіпті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.
19.03.2021
-
Мамин ЕО елшілерімен кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанның Еуропалық Одақпен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың 6-отырысын өткізді.
19.03.2021
-
Түркістан облысында 11 мың адам екпе алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 11 мың адам өз еркімен вакцина қабылдады. Олардың 9113-і медицина мамандары болса 1147-і білім саласының қызметкері, 399-ы күштік құрылым мамандары салдырған. Қазір ковидке қарсы екпе алған азаматтар дәрігерлердің бақылауында.
19.03.2021
-
Шымкентте Наурыз мейрамы жаппай тойланбайды – әкімдік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан баспасөз брифингте осылай деді.
19.03.2021
-
Алматыда көне кілемдер көрмесі ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музейде «Масатыдай құлпырған…» атты қалпына келтірілген көне кілем мен тоқыма бұйымдардың көрмесі ашылды.
19.03.2021
-
Алматыдағы Барахолка тағы өртенді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы «Барахолка» атанып кеткен әмбебап базар бүгін тағы өртенді.
19.03.2021
-
Қазақстанда өңірлердің инвестициялық рейтингтері енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында инвестициялар тарту жөніндегі жаңа тәсілдерді іске асыру барысы қаралды, олар Президент жанындағы Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес отырысында таныстырылды.
19.03.2021
-
Өскеменде сотталғандармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскеменде 200-ге тарта сотты болған азаматты қоғамға қайта бейімдеп, олардың психологиялық түсінігін жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
19.03.2021
-
Қарағанды облысының өзендерінде мұзды жару жұмыстары басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында тасқын судың қауіпсіз өтуі бойынша алдын алу іс-шараларын үздіксіз жүргізу жалғасуда, деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
19.03.2021
-
#Тәуелсіздік30: «Әр үйден бір ағаш» челленджі
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде өңірдегі мектептерде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтіп жатыр. Сондай мерекелік іс-шаралардың бірі облысымыздағы Махамбет Өтемісұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектепте қатарынан бірнешеуі болып өтті.
19.03.2021
Наверх