Таеквондодан Азия құрлықтық іріктеу турнирі өтіп жатыр

21 Мамыр 2021, 21:31
1583
Бөлісу:
Таеквондодан Азия құрлықтық іріктеу турнирі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайрат Сарымсақов таеквондодан Олимпиадаға іріктеу турнирінің жартылай финалында қарсыласына жол берді, деп хабарлады Olympic.kz.

Амманда (Иордания) таеквондодан Азия құрлықтық іріктеу турнирі өтіп жатыр. Жарыстың бірінші күнінде сынға түскен Қайрат Сарымсақов жолдамаға ие бола алмады. 

68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол жартылай финалда өзбекстандық қарсыласы Ұлығбек Рашидовқа есе жіберді. 

Айта кетерлігі, бүгін әйелдер арасында 49 келіде бақ сынаған Фариза Алдаңғорова да жартылай финалда жарыстан шықты. 

Өзгелердің жаңалығы