АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина жақын арада бейбіт келісімге келіп, Америкамен ірі бизнес жүргізе бастайды деген үмітте, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақ үй басшының Truth Social әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.
Ресей мен Украина осы аптада (АҚШ-та апта жексенбіден басталады – ред.) келісімге келеді деп үміттенемін. Содан кейін бұл екі ел қарқынды дамып жатқан Америка Құрама Штаттарымен үлкен бизнес жүргізіп, мол табыс таба бастайды, – деп жазды Трамп.