"Табыс тілеймін". Тоқаев Алматыдағы мектептің біріне барды

18 Тамыз 2023, 14:38
718
Бөлісу:
"Табыс тілеймін". Тоқаев Алматыдағы мектептің біріне барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Prometheus school мектебіне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президентке білім ордасының оқу кабинеттері, жаратылыстану зертханалары, мектепте сабақ оқытудың Daryn Go, Booky-Wooky авторлық әдістемелері, сондай-ақ оқу орнының жалпы инфрақұрылымы таныстырылды.

Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған. Мектеп 840 оқушыға арналған. Аумағы – 12 мың шаршы метр. Білім беру мекемесін салу үшін 5,2 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін білім гранттары бөлінеді. Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысы Prometheus School мектебіндегі білім беру және оқушыларды даярлау форматының ерекшелігін атап өтті. Сондай-ақ ұстаздарға табыс тілеп, олардың қызметі қоғам үшін маңызды екенін айтты.

Айта кетейік, қазір мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыда жүр. Ол осыған дейін сел тасқынынан қорғайтын «Аюсай» бөгетін барып тексерді.

Өзгелердің жаңалығы