Түркияда Азия Парламенттік Ассамблеясы Атқарушы кеңесінің отырысы өтті

28 Қазан 2019, 20:35
2029
Бөлісу:
Түркияда Азия Парламенттік Ассамблеясы Атқарушы кеңесінің отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, құқық қорғау органдары және сот жүйесі комитетінің мүшесі Рысқали Әбдікеров Түркияның Ризе қаласында Азия Парламенттік Ассамблеясы Атқарушы кеңесінің 1-ші отырысына қатысты, деп мәлімдеді сенаттың баспасөз қызметі.

Шара барысында АПА Әлеуметтік және мәдени істер, Экономикалық және тұрақты даму, Саяси істер, Бюджет пен жоспарлау тұрақты комитеттерінің отырыстары болып өтті. Сондай-ақ Бюро мүшелері сайланып, Қатар мен Шығыс Тимордың АПА-ға мүше болу туралы өтініштері және тұрақты комитеттерде резолюциялар қаралды. Оның ішінде, Әлемдік діндер арасындағы дінаралық диалог пен келісімді ілгерілету жөніндегі резолюцияда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI съезінің жаһандық өркениеттер мен діндер арасындағы түсіністікке қосқан үлесі атап өтілді.

Шараға Ауғанстан, Әзірбайжан, Бахрейн, Бангладеш, Бутан, Иордания, Ирақ, Иран, Камбоджа, Кувейт, Қатар, Пәкістан, Палестина, Ресей, Түркия және Шығыс Тимор парламенттерінің делегациялары қатысты.

Өзгелердің жаңалығы