Түркістан қаласындағы жаңа нысандар биыл толық пайдалануға беріледі

5 Қазан 2020, 10:03
4306
Бөлісу:
Түркістан қаласындағы жаңа нысандар биыл толық пайдалануға беріледі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов БАҚ қызметкерлеріне арнайы пресс-тур аясында Түркістан қаласындағы жаңа нысандарды таныстырды.

Алдымен арнайы топ әкімшілік-іскерлік орталығындағы «Конгресс Холл» концерт залымен танысты. Ғимараттың аумағы - 6438 шаршы метр. Сарайдың бірінші қабатында 1000 орындық көрермен залы, әкімшілік үй-жайлар және балалар ойын бөлмесі бар. Екінші қабатта жиналыс бөлмесі мен әкімшілік үй, 400 орындық зал орналасқан.

Түркістан қаласындағы жаңа нысандар биыл толық пайдалануға беріледі

Кейін БАҚ қызметкерлері 7000 көрерменге лайықталған «Turkistan Arena» стадионына аялдады. Стадион ғимаратында акробатика, бокс, ауыр атлетикаға арналған залдар бар. Сонымен қатар, жоғары білікті спортшыларды дайындауға арналған толыққанды күнделікті жаттығулар өткізуге жағдайлар қарастырылған. 

Түркістан қаласындағы жаңа нысандар биыл толық пайдалануға беріледі

Тур аясында топ Оқушылар сарайымен де танысты. Нысан аумағы 9250 шаршы метр. Ғимарат 1200 оқушыға арналған. Ондағы театр залы 400 адамды, ал конференц-зал 80 адамды қабылдай алады.

Түркістан қаласындағы жаңа нысандар биыл толық пайдалануға беріледі

Түркістан қаласында жаңа нысанның бірі «Отырар» ықшамауданындағы Бассейні бар спорт кешені. Жалпы аумағы 3,82 гектарды құрайтын нысан 1300-ден астам адамды қабылдай алады. 

Түркістан қаласындағы жаңа нысандар биыл толық пайдалануға беріледі

Спорт кешенінде кеңсе бөлмелері, мини-футбол, баскетбол, волейбол, гандбол сияқты спорттық іс-шараларға арналған жаттығу залы, сондай-ақ спорт, йога залы, үстел теннис залы және олимпиадалық параметрлері сай спорт бассейні бар.

Түркістан қаласындағы жаңа нысандар биыл толық пайдалануға беріледі

Түркістан қаласындағы жаңа нысандар биыл толық пайдалануға беріледі

Пресс-тур аясында қалада туристерге ыңғайлы жағдай жасау аясында бой көтерген «Қабылдау орталығы» таныстырылды. Келушілердің назарын аударатын ондағы құнды жәдігерлер мен тарихи кітаптар. Яғни, рухани шаһарға келген қонақтар Қабылдау орталығына келіп, Түркістан жайлы толық ақпар ала алады. Онда тамақтану орындары, электронды карта, үш түлде мәлімет беретін аудиогид бар. 

Түркістан қаласындағы жаңа нысандар биыл толық пайдалануға беріледі

Қонақтар Қазақ хандығы интерактивті залында Кенесары ханның қылышының түпнұсқасы және басқа да жауынгерлік киімдерді көре алады. Сондай-ақ, онда Түркістан облысы аумағының тарихи жерлері интерактивті тақта арқылы көрсетіледі. 

Түркістан қаласындағы жаңа нысандар биыл толық пайдалануға беріледі

Сонымен қатар, БАҚ қызметкерлері «Әзірет-Сұлтан» тарихи-мәдени қорық музейі аймағындағы «Этно ауыл» жобасымен танысты. 

Түркістан қаласындағы жаңа нысандар биыл толық пайдалануға беріледі

Этно ауылда - қолөнер шеберханасы, шығыс базары, дәстүрлі тағамдар аймағы, ұлттық ойындар алаңы, мерекелік қойылымдар алаңы, атқа арналған алаң орналасқан.

Түркістан қаласындағы жаңа нысандар биыл толық пайдалануға беріледі

Түркістан қаласындағы жаңа нысандар биыл толық пайдалануға беріледі

Өзгелердің жаңалығы