Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сыртқы істер министрі Қытай инвесторларымен ынтымақтастықты талқылады

13 Мамыр 2025, 22:48
330
Бөлісу:
 gov/kz
Фото: gov/kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қытайлық «CITIC Construction» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ян Цзяньцянмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде «Орталық – Батыс» автожолын салу және жаңарту жобасына компанияның қатысу перспективаларын талқылады. Тиісті меморандумға қол қою ағымдағы жылдың мамыр айында «CITIC Group» басшылығының Қазақстанға сапары барысында күтілуде.

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі, дәнді және майлы дақылдарды терең өңдеу бойынша жобаларға, сондай-ақ мал фермалары мен қайта өңдеу кәсіпорындарының құрылысына инвестициялар тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өзгелердің жаңалығы