Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабаққа қатысты мәлімдеме жасады

11 Қараша 2020, 14:39
2230
Бөлісу:
Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабаққа қатысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабаққа қатысты мәлімдеме жасады. 

Әзербайжан Республикасы Президентінің, Армения Республикасы Премьер-министрінің және Ресей Федерациясы Президентінің Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалаймыз, – деп хабарлады СІМ. 

Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Қарабақ проблемасын реттеу үшін негіз бола алады.

Осы келісімге қол жеткізудегі Ресей Федерациясының сындарлы рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтеміз.Осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатындарына үміттенеміз, - делінген мәлімдемеде.

Өзгелердің жаңалығы