Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан 19 орынға көтерілді

30 Қаңтар 2021, 23:23
1998
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан 19 орынға көтерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан алғаш рет ықтимал 100 баллдан 38 балл жинап, 180 елдің ішінен 94-орынға орналасты.

Еліміз 2019 жылдың қорытындысы бойынша (34 балл) қол жеткізген  өзінің  тарихи максимумын жаңартты. Былтыр Қазақстан 4 баллға – 34-тен 38 баллға дейін өсті, бұл сыбайлас жемқорлықты қабылдауды елдік бағалаудағы тұрақты жағымды тренд туралы объективті түрде айтуға мүмкіндік береді.

Салыстырмалы түрде – қолданыстағы әдістеме бойынша рейтинг жүргізудегі алғашқы 7 жыл ішінде, яғни 2012-2018 жж. аралығында еліміз тек 3 баллға (28-ден 31-ге дейін) ілгерілеп, 124 орынды иеленген.

Тек соңғы екі жылдың ішінде Қазақстан 7 балл жинады (31-ден 38-ге дейін), бұл оның рейтингтегі позициясын 30 тармаққа арттырды (2018 жылғы 124-орыннан 94-орынға дейін).

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан 19 орынға көтерілді

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан 19 орынға көтерілді

2018 жылы Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарында 2025 жылға қарай СЖҚИ күтілетін нәтижесі 35 балл болып айқындалды.

Еліміз сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі қалыпты мемлекеттер тобына сенімді тұрақтады. СЖҚИ-де Бразилия, Сербия, Шри-Ланка, Перу, Суринам сияқты елдер ұқсас көрсеткіштерге ие.

Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның 19 мемлекет тобы туралы айтатын болсақ, Қазақстан тек Грузия, Армения, Беларусь, Черногория, Солтүстік Македония, Түркиядан кейін 6-орынға ие болып, ТМД-ның басқа елдерінен айтарлықтай алға озды.

Транспаренси Интернешнлдің пікірінше, жаһандық пандемия және әлемнің әр түкпіріндегі демократиялық институттардың тұрақты даму қаупі аясында Қазақстанның СЖҚИ рейтингінде қарқынды өсуі –елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы үдемелі жұмысын көрсетеді.

Ағымдағы өсу мынадай факторлар есебінен қамтамасыз етілді.

Алдымен бұл саяси жаңғыртудың жүйелі бағыты, азаматтық қоғамның рөлін арттыру, қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі ауқымды жұмысты қоса алғанда, мемлекеттік аппараттың барынша ашықтығын, транспаренттілігін, есептілігі мен тұтынушыға бағдарлануын қамтамасыз ету.

Соңғы бір жарым жыл ішінде қабылданған президенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың үш пакеті контексінде сыбайлас жемқорлықты жоюда саяси ерік-жігер маңызды рөл атқарады.

Мұнда отставкалар мен бағыныштылардың сыбайлас жемқорлығы үшін дербес тәртіптік жауапкершілік институттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы жандандыру, ұлттық компанияларда жемқорлыққа қарсы комплаенс енгізу, мемлекеттік қызметшілердің кез келген сыйлықтарды алуға және шетелдік юрисдикциялардағы банк шоттарын иеленуге толық тыйым салу, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының субъектілік құрамын кеңейту, сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды жою, пара берушілер мен пара беруде делдал болғандарды жазалауды қатаңдату, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейту туралы айтылып отыр.

Бизнесті қолдау жөніндегі шаралар, оның ішінде тексерулерге ұзақ мерзімді мораторий, микро және шағын бизнес үшін салық жеңілдіктері, экономиканы қайта реттеу жөніндегі шаралар, сондай-ақ Агенттік тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі сүйемелдеу оң сипатқа ие.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу-профилактикалық және қылмыстық-құқықтық құралдарды ұтымды ұштастыру, integrity идеологиясын ауқымды ілгерілету және азаматтық қоғам институттарымен тиімді әріптестік, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен және рейтингтік мекемелермен жан-жақты өзара іс-қимыл жасау негізінде кешенді жұмысқа көшуі айтарлықтай маңызға ие болды.

Өзгелердің жаңалығы