«Super Bol!» спорттық реалити-шоудың кастингі өтті

21 Маусым 2022, 20:43
1468
Бөлісу:
«Super Bol!» спорттық реалити-шоудың кастингі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтанда «Super Bol!»  спорттық реалити-шоудың кастингі өтті.

Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров қатысты. Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың дамуына тікелей назар аударып отырғанын айтты.  

Сондай-ақ Асқар Омаров жобаның мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды қажет етпейтінін, реалити-шоуды көрсетуді жеке демеушілер толығымен өз мойнына алғанын атап өтіп, «Freedom Broker» инвестициялық компаниясының негізін қалаушы және жобаның бас демеушісі Т. Турловқа жеке алғысын білдіріп, бұл жоба мыңдаған жастарға үлкен үміт сыйлағанын атап өтті.

«Super Bol!» спорттық реалити-шоудың кастингі өтті

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 6 маусымда жастарды дамытуға бағытталған бірегей «Super Bol!» жобасы іске қосылды. 

Іріктеу жеңімпаздары белгілі бапкерлердің басшылығымен жаттығады.  Кейін кәсіби келісімшарт жасасуы да мүмкін. Шоудың финалдық бөлігі Қазақстан ұлттық құрамасы жаттығатын кәсіби футбол базасында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы