Сұлтанов пандемия қандай салаға ерекше әсер еткенін айтты

14 Қыркүйек 2021, 09:58
2920
Бөлісу:
Сұлтанов пандемия қандай салаға ерекше әсер еткенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында айтты.

COVID-19 негізінен қызмет көрсету нарығына әсер етті. Биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша қызметтер экспорты 21,2%-ға немесе 1,5 млрд доллардан 1,2 млрд долларға дейін қысқарды. Шикізаттық емес экспорттың көлемін ұлғайту мақсатында экспортқа бағдарланған тікелей шетелдік инвестицияларды тарту қажет, - деді Сұлтанов.

Осыған байланысты министр инвестицияларды тарту мәселелеріне жетекшілік ететін жергілікті атқарушы органдар бірінші басшыларының орынбасарларына экспортты дамыту және ілгерілету мәселелерін бекітуді сұрады.

Сондай-ақ инвестициялық жобаларды келісу кезінде шарттардың бірі шикізаттық емес тауарлардың экспортқа бағдарлануы керек. Ішкі сауда саласында да оң динамика байқалады. Мысалы, саудадағы жалпы қосылған құнның нақты көлем индексі сегіз айдың қорытындысы бойынша 109,1%-ды құрады, бұл іс жүзінде 2020 жылы саланың даму шығындарын өтейді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы