Суға түсерде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?

26 Сәуір 2023, 13:09
988
Бөлісу:
Суға түсерде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
Фото: aikyn.kz

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ТЖМ өздеріңіздің, жақындарыңыздың және балаларыңыздың судан жапа шегуінің алдын алу үшін, судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керегін ескертті.

Ол қандай ережелер:

- Балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің қарауынсыз шомылуға жол бермеңіз. Балаларыңызды жүзуге үйретіңіз;

- Бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Иірім» белгілері орнатылған жерлерде суға түспеңіз;

- Мас күйде шомылмаңыз;

- Жүзудің шекарасын белгілейтін қалытқылардан асып кетпеңіз;

- Шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жақын жүзіп бармаңыз;

- Тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгімеңіз;

- Жүзу құралдарына құтқару күртешесінсіз отырмаңыз.

- Жүзуге арналмаған заттармен жүзбеңіз;

- Қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жартастардан, парапеттерден, қоршаулардан және басқа да заттардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз.

Осы қарапайым ережелерді ұстану Сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтайды. Тағы да ескерте кететін жағдай - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364, 412, 440 және 582-баптары бойынша судағы қауіпсіздік пен тәртіпті бұзғаныңыз үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деп түсіндірді ТЖМ өкілі.

Еске салсақ, елімізде 3 жылдың ішінде 1 103 адам суға батып кеткен, олардың 321-і балалар.

Өзгелердің жаңалығы