Үш жылда 1 мыңнан аса адам суға батып кеткен

26 Сәуір 2023, 13:03
782
Бөлісу:
Үш жылда 1 мыңнан аса адам суға батып кеткен
Фото: Егемен Қазақстан

Елімізде 3 жылдың ішінде 1 103 адам суға батып кеткен, олардың 321-і балалар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов мәлімдеді.

1 маусымнан бастап елімізде шомылу кезеңі басталатынын еске сала кетейік.

Атқарылып жатқан кешенді жұмыстардың арқасында жыл сайын суға батып қайтыс болғандар саны азайып келеді. Мысалы, 2021 жылы 3 пайызға, 2022 жылы 42 пайызға азайды. Десе де, әрбір құрғақ статистиканың артында адам өмірі мен жақындарының қайғысы тұрғанын ұмытпауымыз керек, - деп айтты ол.

Оның айтқан мәліметінше, соңғы 3 жылда 1 103 адам суға батып кеткен, олардың 321-і балалар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ТЖМ судағы өлімнің басты себебін атады.

Өзгелердің жаңалығы