Суға шомылып жүріп коронавирус жұқтыру мүмкін бе?

9 Шілде 2021, 04:25
1151
Бөлісу:
Суға шомылып жүріп коронавирус жұқтыру мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ашық су айдынында шомылып жүрген адамның қаншалықты коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы turkystan.kz хабарлады.

Бүгінгі таңда коронавирустың суда жұғатыны анықталмаған. Яғни коронавирус су арқылы берілмейді. Бірақ су қоймаларында, егер арақашықтық сақталмаса, адам көп жиналатын жерлерде коронавирусты жұқтыру қаупі бар. Өйткені коронавирус ауа арқылы таралады. Науқас адам ұсақ ауа тамшыларын шығарады. Бөлшектердің мөлшеріне байланысты ауа көпіршігі ұзақ уақыт ауада қалықтап жүруі мүмкін, – деді Айжан Есмағамбетова.



Өзгелердің жаңалығы