Суға кеткен үй жануарларының құнын өтеуге өтінім қабылдау басталды

24 Сәуір 2024, 11:55
221
Бөлісу:
Суға кеткен үй жануарларының құнын өтеуге өтінім қабылдау басталды
Фото: @oper_shtab_atyrau

Жылыойда тасқын кезінде суға кеткен үй жануарларының құнын өтеуге өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 сәуірден бастап, жылыойлықтар су тасқыны кезінде суға кеткен үй жануарлары мен үй құстарының құнын өтеу бойынша өтініштер бере алады. 

Өтініштер Құлсары қаласы, Жылқышы Ізтұрғанов көшесі №7 ғимарат, 2-ші қатар, 202 кабинетте жұмыс уақытында қабылданады. Ол үшін азаматтар төмендегідей бес құжатты тапсыруы қажет. 

1. Өтініш (1- қосымша)
2. Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі
3. Шаруа қожалықтары үшін жеке кәсіпкерлік талоны
4. Мал басының тіркелгені немес тіркелмегені жөніндегі дерекқорынан үзінді көшірме, жануарлар Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің ақпараттық жүйелері (АШЖБ) дерекқорында тіркелмеген жағдайда 3 куәгердің қолхаты
5. Өлген жануарлар мен құстардың анықталғаны, жойылғаны туралы акт (өлген жануарлар мен құстардың фотосуреттері)

Өзгелердің жаңалығы