Су тасқынынан зардап шеккендерге халықтан ақша жинауға қарсымын – министр

6 Сәуір 2022, 13:38
1400
Бөлісу:
Су тасқынынан зардап шеккендерге халықтан ақша жинауға қарсымын – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Мәжілістің кулуарында айтты.

Нақты айтатын болсақ, күні кеше 185 үйден су тартылды. БҚО аймағы бойынша 4 жергілікті пунктіде 140 үй судың астында қалды. Қалғаны Ақтөбе және Қарағанды, Павлодар  облыстарына тиесілі. Бүгінгі таңда әкімдік жанынан құрылған бағалау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Су шайған үйлердің тұрғындары уақытша өздерінің туыстарына кетсе, кейбір бөлігі өз үйлеріне оралды. Біздің тарапымызға тұру орындары жайлы өтініш келіп түскен жоқ, - деді ол. 

Юрий Ильин су тасқынынан зардап шеккендерге халықтың ақша жинауына қатысты пікір білдірді. 

Мен халықтан су тасқынынан зардап шеккендерге қаржы жинауды қолдамаймын. Себебі жергілікті органдарда төтенше жағдай кезеңдерінде жағдайларға байланысты жұмсалатын арнайы қаржы бар. Сондай-ақ Үкіметте өңірлер өтініш білдірген жағдайда қосымша қаражат бөлу де қарастырылған, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы