Су тасқынынан келтірілген залалды өтеу жөніндегі комиссиялармен байланыс деректері жарияланды

17 Сәуір 2024, 18:36
417
Бөлісу:
Су тасқынынан келтірілген залалды өтеу жөніндегі комиссиялармен байланыс деректері жарияланды
Фото: Ақорда

Еліміздің сегіз облысындағы елді мекендерде ауқымды табиғи апат салдарынан азаматтарға келтірілген материалдық шығынды бағалау және өтеу бойынша арнайы комиссиялар жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өтініштер Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ұлытау облыстарының елді мекендерінде қабылданады. Ал, Қарағанды облысында азаматтарға келтірілген залалды есептейтін комиссияның жұмысы аяқталды.

Су тасқыны салдарынан мүлкі бүлінген азаматтар алгоритм бойынша төтенше жағдай басталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде материалдық шығынды өтеуге өтініш бере алады.

Зардап шеккендер қаржылық көмек, тұрғын үй және әлеуметтік қорғау шаралары түріндегі мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алады. Сонымен қатар оларға несие төлеу мерзімін кейінге қалдыру қарастырылған. ШОБ субъектілеріне, фермерлерге және мал басын жоғалтқан ауыл шаруашылығы иелеріне келтірілген шығынды өтеу де қарастырылған. 

Су тасқынынан келтірілген залалды өтеу жөніндегі комиссиялармен байланыс деректері жарияланды
Су тасқынынан келтірілген залалды өтеу жөніндегі комиссиялармен байланыс деректері жарияланды
Су тасқынынан келтірілген залалды өтеу жөніндегі комиссиялармен байланыс деректері жарияланды
Су тасқынынан келтірілген залалды өтеу жөніндегі комиссиялармен байланыс деректері жарияланды
Су тасқынынан келтірілген залалды өтеу жөніндегі комиссиялармен байланыс деректері жарияланды
Су тасқынынан келтірілген залалды өтеу жөніндегі комиссиялармен байланыс деректері жарияланды
Су тасқынынан келтірілген залалды өтеу жөніндегі комиссиялармен байланыс деректері жарияланды
Өзгелердің жаңалығы