Су тасқынына әкімдіктер жауапты ма?

1 Наурыз 2023, 15:17
1374
Бөлісу:
Су тасқынына әкімдіктер жауапты ма?
Фото: aikyn.kz

Бұл туралы сенатор Ғалиасқар Сарыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Журналистер қауымы депутаттан жыл сайын елді неге су басатынын сұрады. 

Қосымша бөгет пен контрреттеуіштерді барлық жерде тұрғызу керек. Бұл көп уақытты талап етеді. Біріншіден, жоба дайындап, сараптама жасау, мамандар қажет. Сондықтан бұл бағытта қазір жұмыс жүргізіліп жатыр. Біз оны бақылауға аламыз. Әртүрлі жағдай болады, - деп атап өтті Ғалиасқар Сарыбаев Сенаттың кулуарында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. 

Сондай-ақ ол жағдайды парадокс деп атады. Дегенмен бұл тұрғыда әкімдіктерді жазалау туралы ұсыныстан жалтарды. 

Бұл парадокс – жазда егістікті суару үшін су жетіспейді, ал көктемде су басады... Жазалаумен алысқа бармаймыз. Әр адам өз әрекетіне жауап беруі тиіс, - дейді депутат. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Батыс Қазақстан облысында құлаған тікұшаққа қатысты айтқан болатын. Сұхбат барысында министрдің орынбасары апатқа не себеп болуы мүмкіндігінің алдын ала болжамын жариялады. 

Өзгелердің жаңалығы