БҚО-дағы тікұшақ апаты. Болжамды себебі анықталды

1 Наурыз 2023, 12:07
1458
Бөлісу:
БҚО-дағы тікұшақ апаты. Болжамды себебі анықталды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Қазавиаспас» тікұшағының апатқа ұшырауына байланысты, тікұшақ жаңа болған. Эксплуатацияға небәрі бір жыл бұрын ғана берілген. Авиациялық әкімшіліктің қатысуымен комиссия құрылды, тергеу жүргізіліп жатыр. Нұсқалардың бірі – ауа райы жағдайы. Нақты қандай екендігін дәл қазір айта алмаймын, - деді вице-министр Сенаттың кулуарында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. 

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысына қарасты Чапурино ауылынан 6 шақырым жерде «Қазавиаспас» АҚ-на тиесілі Ми-8 тікұшағы құлаған болатын. Белгілі болғандай, жолаушылар «Қазтрансойл» АҚ тапсырысы бойынша құбырларды қарамақ мақсатта ұшып шыққан. Бортта 5 экипаж мүшесі мен 2 жолаушы болғаны айтылды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Өзгелердің жаңалығы