Су тасқыны. Зардап шеккен аумақтардың 75 пайызы судан тазартылды

6 Мамыр 2024, 17:30
250
Бөлісу:
Су тасқыны. Зардап шеккен аумақтардың 75 пайызы судан тазартылды
Фото: скрин

Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен аумақтардың 75 пайызы судан тазартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаланы судан құрғату жұмыстары тәулік бойы үзіліссіз жүріп жатыр. күні түні жұмыс жасауда.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Құлсары қаласында 2723 тұрғын үй ауласы судан тазартылды. Аталған жұмыстарға ТЖМ, ЖАО және өндірістік мекемелердің күш құралдары жұмылдырылуда.

Қазіргі уақытта шығарылған судың жалпы көлемі 3 миллион 500 мың текше метр.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2723 тұрғын үй ауласы және 257 кәсіпкерлік, 29 әлеуметтік нысан аумағы судан тазартылды.

Өзгелердің жаңалығы