Су тасқыны. Құқық бұзылған жағдайда қайда хабарласу керек

4 Мамыр 2024, 20:30
317
Бөлісу:
Су тасқыны. Құқық бұзылған жағдайда қайда хабарласу керек
Фото: Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

СҚО прокурорлары су тасқынынан зардап шеккен бизнес субъектілеріне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

30 сәуірде облыс прокуратурасы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында уәкілетті органдармен бірлесіп су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырды.

Барлық айтылған мәселелер бойынша бизнес субъектілеріне қолданыстағы заңнаманың талаптары түсіндірілді.

Төтенше жағдайлар және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының өкілдерімен кәсіпкерлерге су тасқынынан кейін қауіпсіздік шараларын сақтау және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу ұсынылды.

Облыс бойынша табиғи апат салдарынан барлығы 156 бизнес субъектісі зардап шеккен.

Қадағалау органы 26.04.2024 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың өтемақысын айқындау жөніндегі Өңірлік комиссия құрылғанын кәсіпкерлердің назарына жеткізді.

Кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидалары (Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген) жобасының ережелері талқыланды, ол қазіргі уақытта «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауда.

Кәсіпкерлердің жекелеген мәселелері толық шешілгенге дейін бақылауға алынды.

Қадағалау органы су тасқынынан зардап шеккендердің құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда олар облыс прокуратурасының жедел желісіне (байланыс телефоны +7-771-362-08-99) хабарласа алатындықтарын еске салады.

Өзгелердің жаңалығы