Су тасқыны. Қашықтан оқыған оқушылар жазда қайта оқиды – министр

21 Мамыр 2024, 10:39
331
Бөлісу:
Су тасқыны. Қашықтан оқыған оқушылар жазда қайта оқиды – министр
Фото: BAQ.KZ -архив

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев кейбір өңірлерде “Жазғы мектеп” жұмысы ұйымдастырылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су тасқынынан зардап шеккен және ауа райының қолайсыздығына байланысты қыс мезгілінде қашықтан оқыған 2622 мектептің 832 мың оқушысы үшін 27-31 мамыр аралығында “Жазғы мектеп” жұмысы ұйымдастырылады. Жазғы мектепті ұйымдастырудың негізгі мақсаты – оқушы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған, – деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында.

Еске салайық, бұған дейін Оқу-ағарту министрі биыл еліміз бойынша қанша бітіруші түлек бар екенін айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы